Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • ru
  • en
  •             

    Ғылым әлемін ашамыз

    Бүгінгі күні оқып-үйренем деген балаға шексіз мүмкіндіктер жасалып отыр. Өскелең ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат-мүддесіне сай өмір сүруге бейімдей отырып, ой тұжырымдатып, ғылым әлеміне тартушылар – ұстаздар. Осындай ұстаздар біздің мектебімізде де дарынды оқушылармен жұмыстануда.  Атап айтсақ, мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Сайлыбаев Ерболат облыстық балалар шығармашылық орталығының "Робототехника" үйірмесіне қатысып, көптеген жетістіктерге жетуде. "Ғылым әлемін ашамыз" атты облыстық, республикалық ғылыми жобаларда екінші орынмен (жетекшісі А.А.Кушегалиев), қалалық оқушылар арасында өткен "Марсоход" тақырыбындағы ғылыми жобасы 1-орынмен (жетекшісі Р.Т.Коспанова) марапатталды. Осындай жетістіктер нәтижесінде 1-маусым күні салтанат сарайында өткен қала әкімі Н.Т.Төреғалиевпен кездесуде Ерболат әкесі Жанболат Сайлыбайұлымен болды. Қазіргі таңда Ерболат 10-маусымнан бастап Қарағанды қаласында өтіп жатқан республикалық "Айбын" слетіне жолдама алып қатынасуда. Болашақта Ерболаттан үлкен үміт күтеміз.

    13.06
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    Полезные ссылки